2023 жылғы 18 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдиновтың төрағалығымен «6D030100, 8D04203 – Құқықтану; 6D030200, 8D04201 - Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша Диссертациялық кеңестің отырысы өтті.
Диссертациялық кеңестің шешімі бойынша философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің басшысы М.Ж. Куликпаева PhD докторанты Г.М. Ишкибаеваның «Ғарыш байланыс құралдарын пайдалану саласындағы коммерциялық қызметті құқықтық реттеу» тақырыбындағы диссертациясы бойынша ресми рецензент ретінде шақырылды.
Өз рецензиясында М.Ж. Куликпаева докторант Г.М. Ишкибаеваның таңдаған тақырыбының отандық ғарыш қызметін дамыту және оны дамыту перспективалары тұрғысынан өзектілігін, сондай-ақ қорғауға шығарылатын негізгі ережелердің жаңашылдығын атап өтті.
Сөз соңында М.Ж. Куликпаева Диссертациялық кеңеске Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың осындай маңызды алаңында ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтын ұсыну мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде кеңес Төрағасы Д.Л. Байдельдинов біздің Институтымыздың рөлі мен қызметін жоғары бағалап, сондай-ақ одан әрі өзара ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.