2023 жылдың 30 наурызында ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қызметкерлері, директордың орынбасары, з.ғ.к. А.Г. Қазбаева, қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқарушылық заңнамасы бөлімі басшысының м.а., з.ғ.к. С.С. Қаржаубаев, бас сарапшы, з.ғ.д. Н.Н. Турецкий Қазақстандағы Америка Қауымдастығы заңгерлер өкілдігі (ABA ROLI) ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына онлайн қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты интернет-кеңістікте адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Дөңгелек үстел жұмысына «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ директоры – Т.С. Зинович, ҚР Ішкі істер министрлігінің ситуациялық-талдау орталығының бастығы – К.Г. Альсеитов, адвокат, Алматы адвокаттар алқасының мүшесі – А. Турап, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының жобалық менеджері – М.А. Утегенова, ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жаһандық қауіп-қатерлеріне қарсы арнайы дайындық кафедрасының аға оқытушысы – Д.П. Утепов, цифрлық құқықтар жөніндегі сараптама тобының үйлестірушісі, «Human Rights Consulting Group» ҚҚ директоры – А.А. Аубакиров қоғамдық ұйымдардың өкілдері және басқа да шақырылған тұлғалар қатысты.
Өз сөзінде С.С. Қаржаубаев қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге құқықтық талдау жүргізу негізінде Қазақстан Республикасында ақпараттық-цифрлық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар ұсынды. Баяндамашы ақпараттық қауіпсіздік, пилотсыз аппараттарды қолдану және әлеуметтік желілерде қудалау (сталкинг) саласындағы қылмыстық-құқықтық жауапкершілік мәселелерін айтты.
Отырыс барысында баяндамашылар құқық қолдану практикасындағы негізгі жетістіктерді атап өтіп, интернет-кеңістікте адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттілігі туралы пікір білдірді.