«Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беру саласындағы норма шығаруда бизнес-қоғамдастықты тарту» тақырыбындағы семинарға қатысу

You are here

2022 жылғы 24 қарашада GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының «Орталық Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін кәсіптік білім беру» (РЕСА) жобасы шеңберінде «Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беру саласындағы норма шығаруда бизнес-қоғамдастықты тарту» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты кәсіптік білім беру саласындағы норма шығарудың ағымдағы процесі туралы жалпы түсінік қалыптастыру болды.
Семинарға мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан семинар жұмысына Заңнаманың тиімділігін талдау бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Ж. А. Жадауова қатысты.
Спикерлер Томас Люкс («Орталық Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін кәсіптік білім беру» GIZ жобасының аға кеңесшісі) және Мартин Йеглица (халықаралық сарапшы) қатысушыларды бизнес-қоғамдастықты норма шығару қызметіне тартудың германдық тәжірибесімен таныстырды.
Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру саласындағы нормашығармашылық қызметке бизнес-қоғамдастықты тарту рәсімдерін дамыту және жетілдіру бойынша ұсынымдар талқыланды және тұжырымдалды.