2023 жылдың 5 маусымында М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетінде PhD, Жоғары құқық мектебінің Associate Professor-ы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жас сарапшылар клубының мүшесі Хасенов Муслим Ханатұлының «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы» кітабының ресми тұсаукесері өтті.
М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті еңбек қатынастары саласын ғылыми-құқықтық қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі: еңбек құқығының ғылыми мектебі құрылды және жұмыс істейді. Университеттің ғылыми мектептерінің негізгі миссиясы ғылыми кадрларды даярлауда сабақтастықты қамтамасыз ету болып табылады. Осы ғылыми мектеп қызметінің маңызды нәтижелерінің бірі осы презентацияда ұсынылған оқулық болып табылады.
Көптеген қонақтар қатысты: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, министрліктердің, жоғары оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ғылыми қоғам.
Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан шақырылғандар қатарынан директордың кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты Құлжабаева Жанат Орынбекқызы және жетекші ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының кандидаты Жадауова Жанара Абдылдақызы қатысты.
Жаңартылған күні: 6 маусым 2023 - 18:09