Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Институт) халықаралық шарттар құқығының өзекті үрдістері негізінде, жекелеген құқықтанушы ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, қазақ тілінде және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ғылыми түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) жариялады.
Түсініктемені Институттың халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің ұжымы дайындады, олардың ішінде з.ғ.д., профессорлар М.А. Сарсембаев, Е.М. Абайдельдинов. Авторлық ұжымның халықаралық шарттар мен халықаралық шарттардың жобаларын бағалауда мемлекеттік органдарға консультациялық және сараптамалық көмек көрсетуде практикалық тәжірибесі бар.
Басылым оқырмандардың кең ауқымына, соның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеуге, жасасуға және орындауға тікелей қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық заңгерлерге, оқытушыларға, заң мамандықтары бойынша оқитын бакалавриат бағдарламасы бойынша студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ халықаралық шарттар құқығына қызығушылық танытқандарға арналған.
Қазақ немесе орыс тіліндегі 1 дананың бағасы - 4500 теңге.
Түсініктемені алу сұрақтары бойынша келесі телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 26-61-20, 8 (775) 118 9899