2023 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің, ғылыми құқықтық сараптаманы үйлестіру бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою мәселелері бойынша семинарға қатысты. Семинарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік қызметшілер үшін ұйымдастырды.
Департамент қызметкерлері халықаралық шарттар жасасу рәсімін егжей-тегжейлі ұсынды, рәсімдік аспектілерді атап өтті, халықаралық шарттар жобаларының сапасын жақсарту және келісу мен жасасу рәсімдерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар берді. Өз кезегінде, семинарға қатысушылар халықаралық шарттар жобаларын дайындау кезінде мемлекеттік қызметшілердің тәжірибеде кездесетін мәселелерін көтерді. Департамент қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқықтық департаментінің қызметкерлері сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар берді.
Жаңартылған күні: 14 маусым 2023 - 16:13