Қонақтық дәріс-таныстырылым

You are here

2022 жылғы 30 қарашада «Тұран-Астана» университетінің қабырғасында Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығының аға ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Тұрғанбаева Ләззат Сұлтанмұратқызы «Мемлекеттік тілде заңнамалық актілерді әзірлеу» тақырыбында дәріс-таныстырылым  өткізді. 
Дәріс барысында студенттер заң жобаларын әзірлеу сатылары, оны келісу, мақұлдау, қолданысқа енгізу тәжірибесімен таныстырылды. Сондай-ақ заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу мәселелері талқыланды.