Корея Республикасындағы Дербес деректер туралы заңнама бойынша сот даулары

You are here

 
2022 жылғы 10 маусымда ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі – ЗҚАИ) мен Корея Республикасының Заңнама институты арасында ғылыми ынтымақтастық шеңберінде K-Law Academy онлайн-мектебінің «Корея Республикасындағы Дербес деректер туралы заңнама бойынша сот даулары» тақырыбында кезекті дәрісі өтті. Лектор ретінде «Lee & Ko» заң фирмасының серіктесі, LL.M Sung-hee Chae сөз сөйледі. 
 
 
Дәріскер өз сөзінде Корея Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы ұлттық заңнамасының негізгі ережелерін қозғады.
 
 
Кездесу соңында Sung-hee Chae ханым ҚР ЗҚАИ тыңдаушы қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауап берді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ҚР ЗҚАИ әріптестеріне алғыс білдіреді, сондай-ақ одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігі туралы хабарлайды.