2022 жылғы 18 қарашада ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі – ЗҚАИ) мен Корея Республикасының Заңнама институты арасында ғылыми ынтымақтастық шеңберінде K-Law Academy онлайн-мектебінің «Корея Республикасындағы заң шығару процесі» тақырыбында кезекті дәрісі өтті. Лектор ретінде PhD, Ханкенг ұлттық университетінің профессоры Park Jung Yeon сөз сөйледі. Дәріскер өз сөзінде Корея Республикасының заңнамалық рәсім саласындағы ұлттық заңнамасының негізгі ережелерін қозғады. Кездесу соңында Park Jung Yeon ханым ҚР ЗҚАИ тыңдаушы қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауап берді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ҚР ЗҚАИ әріптестеріне алғыс білдіреді, сондай-ақ одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігі туралы хабарлайды.
Жаңартылған күні: 21 Қараша 2022 - 09:29