ҚР Парламенті Сенаты комитетінің көшпелі отырысы

You are here

2022 жылғы 17-18 қазанда Шымкент қаласында ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы өтті, оған ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Р.К. Сәрпеков және Институттың жетекші ғылыми қызметкері С.С. Қаржаубаев қатысты.
Отырыс ҚР Парламенті Сенатының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді. Көшпелі отырыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселесі болды.
Отырысқа Сенат комитетінің төрағасы мен мүшелері, Шымкент қаласының әкімі – М.Д. Әйтенов, ҚР Бас прокурорының орынбасары – А.К. Чиндалиев, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары – Ш.Ж. Мұқан, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары – А.Ж. Жұмағали, ҚР Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы – С.А. Әділов, Шымкент қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы – Б.С. Дүйсебеков, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры – Р.К. Сәрпеков қатысты және сөз сөйледі. Сондай-ақ, отырысқа құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, Шымкент қаласы сотының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және басқа да шақырылған тұлғалар қатысты.
Отырыс барысында баяндамашылар құқық қолдану тәжірибесіндегі негізгі жетістіктерді атап өтіп, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын одан әрі жетілдіру қажеттілігі туралы пікір білдірді.
Сапар аясында әкімдік басшылығымен, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесулер ұйымдастырылып, өткізілді. Шымкент қаласының соты мен полиция департаментіне, сондай-ақ Шымкент қаласындағы ЗҚАИ филиалына сапар ұайымдастырылды.