2023 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты өзінің 30 жылдығын атап өтеді! Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық аймақтарында облыс аумағында және аудандарда ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету қызметтерін көрсететін өз филиалдары бар.
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 1997 жылы құрылып, 26 жылдан бері мемлекеттің ақпараттық-құқықтық саясатын жүзеге асырып келеді.
Дегенмен, филиал қызметкерлері институттың негізгі қызметін атқарумен қатар, волонтерлік қозғалысқа, барлық іс-шараларға қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше ерікті негізде іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Волонтерлік бастамалар Қазақстан үшін өте өзекті тақырып болғандықтан және өскелең ұрпақ қоғам игілігі үшін ерікті еңбек әрбір адам үшін қажет екенін түсінетіндіктен, бұл бүкіл елде табысты өмір сүрудің шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, 2023 жылдың 9 маусымында серіктестіктің мерейтойына орай филиал ынтымақтастығы 15 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аумағында ағаш отырғызуды ұйымдастырды, науқан бұл мекеме қабырғасында бірінші рет емес. Сондай-ақ, филиал қызметкерлері Батыс Қазақстан облысында ағып жатқан Жайық өзенінің жағалауын түрлі қоқыстан тазартуға атсалысты. Соңғы кездері Жайық өзені көлемінің азаюы, сондай-ақ судың ластануы сияқты үлкен проблемаларды бастан кешіруде, сондықтан филиал қызметкерлері бұл әрекетімен оның жағдайын жақсартуға аз да болса үлес қосуды жөн көрді.
Жаңартылған күні: 13 маусым 2023 - 17:25