Бәріміз білеміз ниет болса, тақыр жерді де гүлдендіруге болатынын. Тал отырғызу бабамыздан қалған дәстүр. Сол дәстүрді Қызылорда “ЗҚАИ” ұжымы жалғастыруда. Сонымен қатар, ағаш өсіру адамдарға айтарлықтай табыста әкеледі. Жасыл желектің жердегі экологиялық жағдайға тигізетін әсері өте үлкен. Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері ауаны да қажет етеді. Тізбектей берсей тағысын тағы…. Туған жерімізді, ауламызды таза ұстау, оны жасыл желекке бөлеу - баршамыздың басты борышымыз. Осы игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Отырғызылған әрбір көшет саялы көлеңкесін сыйлайтын алып ағаштарға айналса деген біздің де тілегіміз осы.
Жаңартылған күні: 11 сәуір 2023 - 09:44