2022 жылғы 25, 26 мамырда «Құқық және экономика: Ұлттық тәжірибе және даму стратегиясы» IV Новосибирск халықаралық заң форумы шеңберінде ZOOM бейнеконференц байланысын қолдана отырып, «Құқықтық жүйелердің өзара іс-қимылы: Еуразиялық өлшем» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, конференция Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі – ЗҚАИ), Ресей ФСИН Кузбасс институты, «Астана» медициналық университеті, Луиджи Ванвителли Кампаниясының Университетімен (Италия) бірлесіп ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары өкілдерінің, жетекші шетелдік ғалымдар мен халықаралық сарапшылардың заң нормаларын түсіндіруінің өзекті мәселелерін жан-жақты және кеңінен талқылауы үшін диалог алаңына айналды.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының өкілдері және Ресей, Беларусь және Италияның халықаралық сарапшылары қатысты.
Іс-шараны Новосібір мемлекеттік экономика және басқару Университетінің президенті, э.ғ.д., профессор Александр Владимирович Новиков, сондай-ақ ЗҚАИ директорының орынбасары з.ғ.к., Әсел Ғабиденқызы Қазбаева құттықтау сөзімен ашты.
Бірінші спикер болып Александр Владимирович Новиков сөз сөйледі, ол BRICS елдерімен ынтымақтастықтың ерекшеліктерін ашты.
Ғылыми іс-шараны ЗҚАИ директорының кеңесшісі, з.ғ.к., доцент Жанат Орынбекқызы Құлжабаева жалғастырды, ол Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.
Заң технологияларын дамыту және құқықты дамыту мәселелеріне арналған баяндамамен «Заң технологиялары» Сібір ғылыми-білім беру орталығының директоры, з.ғ.д., Дмитрий Александрович Савченко сөз сөйледі.
Ресей Федерациясындағы құқықтық жүйелердің өзара әрекеттесуі контекстіндегі әкімшілік дискрецияның ерекшеліктері Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетінің Заң факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Олег Николаевич Шерстобоевтің баяндамасында атап өтілді.
«Конституциялық бақылау мәселелері бойынша ЕАЭО елдерінің заңнамасын салыстырмалы талдау» баяндамасымен ЗҚАИ конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің бас ғылыми қызметкері; «Тұран» (Қазақстан) университетінің құқық ҒЗИ директорының орынбасары, з.ғ.д., профессор Лейла Тельманқызы Жанұзақова сөз сөйледі.
ЗҚАИ конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің бас ғылыми қызметкері, з.ғ.д. Наталья Абаевна Сартаева «Мемлекеттік жастар саясатын құқықтық қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының тәжірибесі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
«Экономикалық қылмыстармен күрестің қылмыстық-құқықтық және процессуалдық аспектілері» тақырыбында ЗҚАИ бас ғылыми қызметкері, з.ғ.д. Абдрашев Руслан Мұратханұлы баяндама жасады.
Сонымен қатар, мемлекеттік сектор факультеті деканының м.а., Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің әкімшілік, қаржылық және корпоративтік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к., доцент Макарцев Андрей Алексеевич ЕЭО елдеріндегі субъективті сайлау құқығын шектеу мәселелеріне назар аударып, баяндама жасады.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 26 мамырда «Әкімшілік құқық: дәстүрлер мен инновациялар» атты конференцияның секциялық жұмысы барысында ЗҚАИ конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің басшысы з.ғ.к., Бағдат Қабылқадырұлы Нұрғазинов «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметіне кіру кезіндегі кейбір ұсыныстар» тақырыбында бірінші болып сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында Б. Нұрғазинов конференцияға қатысушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіру кезіндегі үміткерлерге қойылатын талаптарға қатысты сұрақтарына жауап берді.
ЗҚАИ халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің басшысы, PhD Куликпаева Мира Жумагазыевна «Мүгедек адамдардың білім алу құқығы: халықаралық-құқықтық құжаттарға шолу» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ, ЗҚАИ конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ерік Болатұлы Ахметов Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізудің негізгі қағидаттары мәселелерін ашатын баяндама жасады.
27 мамырда конференцияның «Цифрландыру және құқық: қазіргі заманғы трендтер, болашақтың мүмкіндіктері» секциясында з.ғ.к., ЗҚАИ конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ерлан Серікұлы Әбілғазин сөз сөйледі. Ғылыми баяндаманың тақырыбы: «Нормашығармашылыққа және азаматтардың қатысуына ақпараттық технологиялар туралы мәселеге».
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары мен қонақтары ғылыми баяндамаларды тыңдады, содан кейін талқылауға шоғырландырылған ұсыныстар шығарылды.