2 маусымда Институттың командасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өту аясында волейболдан өткізілген блиц-турнирге қатысты. Біздің Институттың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының қызметкерлері, магистранттары, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының командалары арасында өткен тартысты бәсеке өте жоғары деңгейде өтті.
Жарыстың бас жүлдесін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының қызметкерлерінің командасы жеңіп алды. Институт командасы жүлделі 3 орынды иеленді.
Институт қызметкерлері Мадина Ермекова мен Юрий Горох үздік ойыншылар деп танылды. Жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға грамоталар табысталды.
Жаңартылған күні: 3 маусым 2022 - 19:01