Онлайн дөңгелек үстел

You are here

2022 жылғы 23 қарашада онлайн режимде Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты «Termincom.kz - бірыңғай республикалық терминологиялық электрондық базасында орналастырылған терминдер мен сөздерді талдау» тақырыбындағы 2022 жылы жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу (бұдан әрі – ІжҚҒЗ) жұмысының нәтижелеріне арналған онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараны өткізудің мақсаты Институттың Лингвистика орталығы
2022 жылы «Termincom.kz - бірыңғай республикалық терминологиялық электрондық базасында орналастырылған терминдер мен сөздерді талдау» тақырыбына жүргізген ІжҚҒЗ жұмсының нәтижелерін талқылау болды. 
Онлайн дөңгелек үстел жұмысына Мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшелері, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының өкілдері мен орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Онлайн дөңгелек үстелді модератор есебінде Институт директорының орынбасары Р.М. Жанғарашев жүргізді. Лингвистика орталығының басшысы Н.М. Примашев пен жетекші ғылыми қызметкер А.К. Махамбетова ІжҚҒЗ жұмысының барысы мен оның нәтижелері бойынша таныстырылым түрінде баяндама жасады.
Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар жоба бойынша өз пікірлерін білдірді.
Онлайн-дөңгелек үстел жұмысының соңында Лингвистика орталығы 2022 жылы жүргізген «Termincom.kz - бірыңғай республикалық терминологиялық электрондық базасында орналастырылған терминдер мен сөздерді талдау» тақырыбындағы 2022 жылы жүргізілген ІжҚҒЗ жұмысының нәтижелері мақұлданып, Институттың Ғылыми кеңесіне бекітуге ұсыну туралы шешім қабылданды.