Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Адолат» Ұлттық құқықтық ақпарат орталығы өкілдерінің делегациясының сапары

You are here

Ағымдағы жылғы 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы «Адолат» Ұлттық құқықтық ақпарат орталығының өкілдері делегациясы сапармен болды. 
Делегацияның басшысы «Адолат» ҰҚАО-ның  директоры Тожиев Фуркат Шомуродович құттықтау сөз сөйледi.
Институт атынан ЗҚАИ Деректер базасын қалыптастыру департаментінің директоры Цай Лилиана Георгиевна  құттықтау сөз сөйледі.
Кездесуді өткізу шеңберінде Институт қызметі, соның ішінде нормошығармашылық, ғылыми саласында, баспагерлiк қызметi, НҚА жариялау, ақпараттық жүйелерді қалыптастыру, сонымен қатар халыққа құқықтық ақпарат беру мәселелері қамтылды.
Іс-шара барысында «Адолат» ҰҚАО делегациясы тікелей құрылымдық бөлiмшелерiнде ЗҚАИ-дың жұмысымен танысты. Онда қонақтар деректер базасын қалыптастыру, Құқықтық ақпарат қызметі, сонымен қатар кәсіпорынның баспагерлік қызметіне қызығушылық білдірді. 
Іс-шара шеңберінде Тараптар тәжірибе, пікір алмасты. Кездесудің қорытындысында тараптар әріптестік (ынтымақтастық) туралы меморандумға қол қойды.
Өз кезегінде Институт Өзбекстан Республикасынан келген әріптестеріне алғыс білдіреді.