Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы (бұдан әрі-Форум) өтті. Форумды ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеу институты мен ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды. Форум әлемнің 25 елінен келген халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару, әлемдік экономика және халықаралық қауіпсіздік саласындағы жетекші сарапшыларды, дипломаттар және ірі халықаралық ұйымдар мен институттардың өкілдерін біріктірді. Сонымен қатар, іс-шараға қазақстандық жетекші сарапшылар, академиялық және ғылыми орта, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Форумға ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты директордың кеңесшісі Ж.О. Кулжабаева және халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімі басшысының м.а. Д.О. Салыкова да қатысты.
Форумға бас сессия және 7 панельдік пікірталас кірді. Панельдік сессиялардың тақырыптарының қатарында «Қазақстан және жаһандық өзгерістер», «Орталық Азияны аймақтандыру: жаңа моделін қарастыру», «Еуразияның жаңа континенттік өзара байланыстылығы: орта дәліз және интеграция диалогы», «Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа нормалары, құндылықтары мен қағидаттары» болды.
Іс-шараны Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.В. Тұқымов салтанатты түрде ашты. Өз сөзінде ол Азияның қарқынды экономикалық және технологиялық ілгерілеуін, Азияның әлемдегі өсіп келе жатқан геосаяси маңызы мен форумның өзектілігін атап өтті.
Форум қатысушыларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.А. Нұртілеу оқыды.
«Қазақстан және жаһандық өзгерістер» панельдік сессиясы аясында модератор Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ю.В. Кучинская болды. Осы панельдік сессияның спикерлері ретінде ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Э. А. Әзімова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Ю. Василенко, Eurasia 21 қорының вице-төрағасы, Корея Республикасының ҚР-дағы бұрынғы елшісі Пэк Джу Хен қатысты.
Форум аясында Қазақстандағы саяси реформалардың динамикасы және олардың Орталық Азиядағы процестерге әсері, жаһандық трансформация контурындағы Азияның орны және өңірлік тұрақтылықты сақтау, инновациялар саласындағы ынтымақтастықты күшейту туралы ауқымды пікірталас пен талқылау өтті.
Форум қорытындысы бойынша сарапшылар Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі жоспарланған жобаларды табысты іске асыру үшін барлық акторлардың, оның ішінде саяси, сарапшылық және азаматтық қоғамдастық өкілдерінің күш-жігерін біріктіру қажет деген қорытындыға келді.