Ағымдағы жылдың 30 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарының 9 тармағына орындау мақсатында Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімшілігі аппараты және ҚР ӘМ «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Ақтөбе облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Байғанин ауданы нормашығармашылық қызметімен айналысатын мемлекеттік мекемелердің және Байғанин ауданының селолық округ әкімдіктерінің өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларына – сыбайлас жемқорлықтың жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кері әсерін тигізетініне және жалпы мемлекеттік билік институттарына деген сенімді бұзатындығы туралы айтылды. Қоғамдағы бұл індетпен тиімді күрес үшін халықаралық тәжірибеге, соның ішінде әлемде мойындалған стандарттарға сүйену қажеттілігі туралы айтылды. Іс-шара қатысушыларына «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбындағы слайдтар көрсетіп, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар талқыланды.
Жаңартылған күні: 21 шілде 2023 - 15:00