Тағы да 3-орын...

You are here

10 желтоқсанда Институттың волейбол командасы Қосшы қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мен прокуратура органдарының күнін атап өту аясында өткізген волейбол турниріне қатысты.
Турнирге біздің Институтпен бірге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясының, ҚР Жоғарғы Сотының орталық аппаратының, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының командалары қатысты.
Турнир жоғары деңгейде өтті. Институттың командасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Ал Мадина Ермекова турнирдің «Ең үздік байланыстырушысы» деп танылды.