Тіл мәселесі – философиялық мәселе

You are here

Лингвистика орталығының басшысы, з.ғ.к., доцент 
Н.М. Примашев а.ж. 4-5 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті ұйымдастырған «Тіл философиясы және Әбу Насыр әл-Фараби философиясының тілі» атты 
ІІ халықаралық Фараби форумына қатысты. 
Форум «Тіл философиясы және мәдениетаралық коммуникацияның ерекшеліктері» (04.05.2023); «Әбу Насыр әл-Фараби философиясының тілі: ортағасырлық мәтіндерді аудару ерекшеліктері» (04.05.2023); «Аударманың лингвомәдени мәселелері» (05.05.2023); «Қасиетті мәтіндер тілі: теолингвистиканың әлеуметтік-мәдени аспектілері» (05.05.2023); «Қазіргі ғылымдағы түпнұсқа және аударма тілінің лингвистикалық тезаурусы»  (05.05.2023) бағыттарында жұмыс істеді. 
Форум жұмысына белгілі шетелдік Фараби ілімін зерттеушілер,  қазақстандық ғалымдар: философтар,  филологтар мен саясаттанушылар   қатысты. Іс-шара ғылымға тән пікірталас, талқылау және байқаулар форматында өте жоғары деңгейде өтті. 
 Н.М. Примашев «Аударманың лингвомәдени мәселелері» атты   секцияның жұмысына қатысып, «Билингвизм жағдайында заңнаманың  теңтүпнұсқалығын қамтамасыз етудің лингвомәдени аспектілері» деген тақырыптағы баяндама (таныстырылым) жасады. Таныстырылым форум  қатысушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды, өйткені Қазақстанда заң тілі саласында зерттеу жүргізетін ғалымдар  мен ұйымдардың саны өте аз. Таныстырылым барысында  Н.М. Примашев форумға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. 
Оған қоса, Н.М. Примашевтің Қазақстан Республикасның Заңнама және құқықтық ақпарат институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арасында ғылыми ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша ұсынысы Форумның қарарына енгізілді.