Қазіргі әлем үлкен көлемдегі ақпарат және заңнамадағы тұрақты өзгерістермен ұшырасуда. Мұндай жағдайларда заңнама бойынша мамандандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалану мемлекеттік аппараттың, бизнес пен ғылымның табысты қызметінің кепіліне айналып отыр.
Отыз жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда үш тілде өзекті күйінде қажетті құқықтық ақпараттың барлық ауқымын қамтитын елдегі алғашқы ақпараттық-құқықтық жүйе болып табылатын «Zan» деректер базасы табысты жұмыс істеп келеді.
Күнделікті қызметте осы бірегей қызметті пайдаланудың сөзсіз көмек пен пайда әкелетіні анық, сонымен қатар ол бірқатар артықшылықтарға ие.
Біріншіден, жүйе құқықтық ақпаратты тиімді іздеуді және талдауды жүзеге асырады. Біріктірілген іздеу және сүзгі құралдарының арқасында пайдаланушылар қажетті ақпаратты тез тауып, оны терең талдай алады. Бұл құжаттарды қолмен іздеу мен оқуға кететін уақытты қысқартады.
Екіншіден, әрқашан ұсынылатын ақпараттың өзектілігі қамтамасыз етіледі. Жүйе күнделікті және автоматты түрде жаңартылып, пайдаланушыларға нақты ақпарат береді. Бұл ең соңғы деректерге негізделген талдаулар мен сараптамалар жүргізуге мүмкіндік береді, бұл әсіресе заңды шешімдер қабылдау үшін маңызды.
«Zan» деректер базасының пайдасына үшінші дәлел ретінде сарапшылар ыңғайлылық пен сенімділікті атап өтеді. Ақпараттық жүйе нормативтік құқықтық актілер мен өзге ақпараттың құрылымды және ыңғайлы оқылымды ұсынылуын қамтамасыз етеді. Деректер базасы әртүрлі тақырыптар бойынша ақпаратты ұйымдастыруға, бетбелгілер мен жазбалар жасауға, сондай-ақ әріптестермен деректерді бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс тиімділігін арттырады және талдау және сараптама жүргізуде қателіктер жіберудің ықтималдығын азайтады.
Сонымен қатар, «Zan» деректер базасын пайдалану тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді, өйткені құқықтық сауаттылық пен заңнаманы сақтау мемлекеттік аппарат үшін де, бизнес пен азаматтар үшін де өте маңызды.
Төртіншіден, «Zan» деректер базасы салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл әртүрлі нормативтік құқықтық актілерге де, оның өзгеру тарихы бар жеке құжатқа, сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің екі тілдік нұсқасына да қатысты болуы мүмкін. Біздің пайдаланушылар бұл мүмкіндіктің, әсіресе жаңа заңдардың олардың қызметіне әсерін анықтау немесе сотта өз ұстанымдарын негіздеу қажет болған кезде пайдалы екенін атап өтеді.
Осылайша, «Zan» деректер базасы құқықтық саламен байланысты мемлекеттік қызметшілер, заңгерлер, бизнес-талдаушылар және басқа да мамандар жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол заңнама бойынша кең ақпараттық ауқымға қол жеткізуді қамтамасыз етеді және талдау мен терең сараптама процесін едәуір жеңілдететін және жеделдететін функционалдылыққа ие. «Zan» деректер базасын пайдалану тәуекелдерді азайтуға, өнімділікті арттыруға және заңнамаға сәйкестікті қамтамасыз етуге көмектеседі және табысты жұмыс істеудің таптырмас құралы болып табылады.
Біз ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестікке мүдделіміз және Сіздің назарыңызға жоғары сапалы қызмет көрсетуді ұсынуға дайынбыз. Техникалық қолдауды компанияның бүкіл Қазақстан бойынша филиалдары жүзеге асырады, Астана қаласындағы қолдау қызметінің телефоны: 8 (7172) 57-48-30, жұмыс уақыты: 09.00 - 18.30 (Астана қ. уақыты бойынша), демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Сізді қызықтыратын барлық мәселелерді жоғарыда көрсетілген телефон арқылы және Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының https://www.zqai.kz/ru / ресми сайтындағы «Zan» деректер қорының «Құқықтық қамтамасыз ету» айдарында ұсынылған материалдар бойынша нақтылауыңызға болады.