2022 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат Институтында (бұдан әрі – Институт) заң ғылымдарының кандидаты, профессор Зараб Ғазизұлы Қазиевті еске алуға арналған «Профессионал» кітабының тұсаукесері өтті. Кездесуге Зараб Ғазизұлының отбасы мүшелері, оның достары – ҚР ҰҚК органдарының құрметті қызметкерлері мен ардагерлері, сондай-ақ Институт қызметкерлері шақырылды.
Институт атынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Р.Қ. Сәрпеков кіріспе сөз сөйледі. З.Ғ. Қазиевтің достары мен әріптестері – А.Қ. Накиспеков, А.Ы. Тәженов, А.Н. Ахпанов, Г.Б. Колтубаева еске алу сөздерін айтты. Зараб Ғазизұлы Қазиевтің жұбайы А.Х. Қазиева және әпкесі Ж.Х. Кучукова отбасы атынан алғыс айтты.
Зараб Ғазизұлы Қазиевті еске алу кітабының тұсаукесер рәсімі жылы, достық жағдайда өтті. Жиналғандар Зараб Ғазизұлының жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерін атап өтті. Оның кәсібилігі, отандық заң ғылымына қосқан үлесі, ҚР ҰҚК органдары қызметкерлерін әскери-патриоттық тәрбиелеу және Қазақстан Республикасының заң шығару процесін жетілдіру ісі туралы жеке сөздер айтылды.





Жаңартылған күні: 8 тамыз 2022 - 09:21