5-ші мамыр күні Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі,заң ғылымдарының докторы,профессор,Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының тұңғыш Төрағасы Мұрат Тәжі-Мұратұлы Баймахановты еске алуға арналған «Жаңа Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы:теориясы,тәжрибесі және даму болашағы» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференияға Қазақстанның заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,заң ғылымдарының кандидаты Рамазан Құмарбекұлы Сәрпеков қатысты. Конференцияға отандық және шетелдік белгілі ғалымдыр,мемлекеттік және азаматтық ұйымдар өкілдері,қазақстандық және шетелдік құқық сарапшылары,жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры,филология ғылымдарының докторы,профессор Ж.Қ.Түймебаев,Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Э.А.Азимова,Конституциялық Соттың мүшесі,заң ғылымдарының докторы,профессор С.Ф.Ударцев құттықтау сөздерін айтты.Конференция бағдарламасына сәйкес белгілі академиктер,профессорлар,ғалымдар,мерей той иесінің туыстары және шәкірттері сөз сөйледі. Р.Сәрпеков «Конституциялық реформа-Жаңа Қазақстанды құру құралы» атты баяндама жасап,академиктің жалпы құқықтық теория,конституциялық құқық саласындағы ғылыми жетістіктерін және қазақстандық конституциялық сот ісін жүргізуді қалыптастырған еңбегіне ерекше тоқталды.Конференция қортындысы бойынша барлық шешендердің баяндамалары енгізілген жинақтама шығарылды.



Жаңартылған күні: 7 мамыр 2023 - 14:27