Жеңімпаздар арамызда

You are here

Қазақ тілінің бизнестегі ауқымын кеңейту, бизнестің ұлттық сипаттағы терминдерін қалыптастыру және терминдер базасын жетілдіру мақсатында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық байқау өткізді. Байқау қыркүйек – қазан айларында күрделі тапсырмаларды қамтыған кезеңдік сипатта жүргізілді. Байқауға қатысушылар арасынан Лингвистика орталығының қызметкерлері: жетекші ғылыми қызметкер
А. Махамбетова мен аға ғылыми қызметкер Н.Нұрбаева өздерінің білімділіктерімен, қазақ тілі бойынша біліктіліктерімен дара шығып, жеңімпаз атанды.
Байқаудың қорытындысы бойынша А. Махамбетова бас жүлдені, ал Н. Нұрбаева үшінші орынды иемденді.