Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 44-бабына сәйкес, осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтiк құқықтық актiлер (әрі қарай – НҚА) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жатады. Мұндай тiркеу олардың күшiне енуінің қажеттi шарты болып табылады.
Бүгінгі таңда саяси-әлеуметтік және азаматтардың өзара қарым қатынастарын реттейтін заңнама мен құқықтық актілердің статистикалық өсуі арта келетіні мәлім.
Сонымен қатар, аталған Заңның 37-бабын басшылыққа алатын болсақ, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жүзеге асырылады деп ресімделген.
Атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы №1124 бекітілген Қаулысының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі №343 Қаулысының 8 тармағына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 39-бабына сәйкес, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күн ішінде және ҚР НҚА «Эталондық бақылау банкіне» енгізу үшін аталған актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада олар алынған күнінен бастап бес жұмыс күн iшiнде баспа және электрондық түрде РҚАО-ға (Республикалық құқықтық ақпарат орталығына) жiберуге тиіс. Демек, жергілікті жерлердегі Алматы облысының мемлекеттік өкілді және атқарушы органдары НҚА Талдықорған аймақтық құқықтық ақпарат орталығына тапсыруы тиіс.
Талдықорған аймақтық РҚАО
директоры орынбасарының
міндетін атқарушы Рахманова Гульжанат