Республикалық құқықтық ақпарат орталығының жобалары
1993 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №1228 Жарлығына қол қойылды. Оның 8-тармағында Республикалық құқықтық ақпарат орталығын құру көрсетілген.
Осыған орай Президент Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР ӘМ «Республикалық құқықтық ақпараттық автоматтандырылған жүйесі» бөлімінің негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанынан «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» құрылды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК – мемлекеттің ақпараттық-құқықтық саясатын уағыздаушы.
Республикалық құқықтық ақпарат орталығы өз қызметін мына негізгі жобалар бойынша жүзеге асырады:
1) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі — www.adilet.zan.kz;
2) ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі - http://zan.gov.kz/
3) «Заң» деректер базасын қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу — www.zanorda.kz;
5) ҚР ӘМ құқықтық ақпараттық қызметті
6) ҚР ӘМ Жаршысы
Талдықорған аймақтық құқықтық ақпарат орталығы 2007 жылы 09 шілдеде ашылып, қазіргі уақытта өз қызметін Алмты облысының барлық деңгейдегі атқарушы және өкілді органдарымен, өзге де мемлекеттік мекемелермен сондай-ақ басқа да заңды тұлғалармен тығыз қарым-қатынас орната отырып жалғастыруда.
Атап айтқанда, 2015 жылы «Заң» деректер базасын қалыптастыру бойынша Алматы облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдарының Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен 628 нормативтік құқықтық актісі өңделді.
Сонымен қатар, 2015 жылы «Заң» деректер базасы бойынша 332 келісім-шарт жасалынып, 386 қолданушыға қызмет көрсетілді.
Талдықорған аймақтық құқықтық
ақпарат орталығының бас маманы Ж.Ж.Кубенов