Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігі

Вы здесь

Биыл ҚР Президентінің 1993 жылдың 16 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №1228 Жарлығының негізінде құрылған Республикалық құқықтық ақпарат орталығына 25 жыл толып отыр.  Ширек ғасыр ішінде РҚАО мемлекеттің ақпараттық-құқықтық саясатын уағыздаушысы ретінде қалыптасты.

Кәсіпорнымыз бірнеше ауқымды, ірі жобаларды жүзеге асырды. Атап айтсақ, ҚР нормативтік актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді, ҚР нормативтік құқықтық актілердің қағаз және электрондық форматтағы Эталондық бақылау банкін қалыптастырады, халықтың құқықтық ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Әділет» құқықтық ақпарат жүйесін іске қосты, ҚР ӘМ құқықтық ақпарат қызметіне 119 нөмірі арқылы  хабарласып тегін консультация алу қызметін жүзеге асырып, «Заң» деректер базасын қалыптастырды.

Республика аумағында 16 аймақтық құқықтық ақпарат орталықтары жұмыс жасауда. Соның бірі- Талдықорған аймақтық құқықтық ақпарат орталығы.

Кәсіпорынның мақсатына сай құқықтық ақпараттандыру мақсатында  қызмет көрсетудің сапалы жүйесін құра отырып, құқықтық қызметтер ұсыну бағытында Талдықорған аймақтық құқықтық ақпарат орталығының қызметкерлері жұмыс атқаруда.  Бүгінгі күні облыс бойынша ҚР нормативтік актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізуге 5 мыңнан астап НҚК-ді өңдеп жіберілген. Көрсетілген құжаттардың мәтіндерімен келесі жобаларда танысуға мүмкіндік бар: «Әділет» АҚЖ, «Заң» деректер базасы  және ҚР НҚК ЭББ.

Өз кезегінде бұл жобалардың мемлекетіміздегі әрбір азамат өзінің құқықтық сауаттылығын арттыруда көмегі орасан зор.

«Заң» деректер базасын облысымыз бойынша 500 ден астам пайдаланушылар қолдануда.

Жыл сайын филиал қызметкерлері бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес облысымыздың аймақтарына барып құқықтық ақпараттандыру тақырыбына қатысты семинарлар өткізіп, орнатылған деректер базасына қолдау көрсетіп отырады. Биылғы жылдың басында Алматы облысының Әділет департаменті қыметкерлерімен бірлесіп Жамбыл ауданының орталығында ауыл округтерінің әкімдерінің қатысуымен нормативтік актіні тіркеуге дейінгі мәселер талқыланып, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама жыл соңына дейін басқа аудандарда өз жалғасын табуда.

Елбасымыздың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес мерейтойымыздың қарсаңында «Заң» Деректер базасының 8 жетілдірілген нұсқасын қолданушыларға ұсынып отырмыз.

Заман талабына сәйкес жаңа технологияларды енгізе отырып үш тілдегі онлайн нұсқа күнделікті жаңартылып отырады. НҚА мәтіндерін басқа тілдерге аудару, қазақ тіліндегі мәтінді латын алфавитіне аудару, «Жеке кабинетті» пайдалану, «Онлайн кеңесші», «Құқықтық кеңес» сияқты интерактивті қызметтер енгізілді.

Кәсіпорнымыздың басты мақсаты – тәуелсіз Ұлы Дала елінің құқықтық саясатын белсенді насихаттау, Елбасымыздың стратегиялық бағдарламаларын іскерлікпен жүзеге асыру. Қазақстан республикасының демократиялық зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде халықтың игілігі үшін азаматтардың құқықтық мәдениеттігін қалыптастыру болып табылады.

 

 

                                       Талдықорған аймақтық құқықтық
ақпарат орталығы директорының орынбасары
                                                 А.Х. Мұратбекова