Басқарма мынадай қызметтер мен міндеттерді жүзеге асырады:
-
құрылымдық бөлімшелер, аймақтық орталықтардың ұсыныстары бойынша ЗҚАИ-ның келешекке арналған және ағымды жұмыс жоспарларын дайындауды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
-
директормен өткізілетін кеңестер, кездесулердің дайындығын ұйымдастыру, материалдарын ресімдеу, кеңестердің хаттамаларын жүргізу және оларды тарату;
-
ЗҚАИ бұйрықтарын және басқа да құжаттарын тіркеу және сақтау;
-
құрылымдық бөлімшелер, аймақтық орталықтардың кешенді тексеруін ұйымдастыру;
-
атқарушылық тәртібі бойынша Әділет министрлігінің бақылау қызметімен салыстырып тексеру жүргізеді және олармен іс жүргізуді жетілдіру мәселесі жөнінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
-
іс жүргізуді ұйымдастыру, хат-хабарды есепке алу және өңдеу, сондай-ақ құжат айналымына талдау жасау;
-
мемлекеттік тілді үйреніп жүрген қызметкерлерге қажетті жағдай туғызу, қазақ тілі оқытушыларын іріктеу, курстарды ұйымдастыру және олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру, ашық сабақтарды өткізуді ұйымдастыру;
-
ЗҚАИ-ның негізгі қызметімен байланысты құжаттардың аударылуын жүзеге асыру, ЗҚАИ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері өздігінен әзірлейтін және мемлекеттік тілге аударатын құжаттарын редакциялау және бұрыштама қою;
-
ҚР Әділет министрлігі өткізетін, мемлекеттік тілді дамыту және ұлттық дәстүрге баурау мақсатындағы іс-шараларға ЗҚАИ қызметкерлерінің белсенді қатысуын ұйымдастыру;
-
құжаттарды мемлекеттік тілде құрастыру бойынша тестілеу өткізу, тестілеу нәтижесі бойынша неғұрлым ерекшеленген қызметкерлерді ынталандыруға ұсыну;
-
филиалдар қызметін үйлестіру;
-
халықаралық ынтымақтастық;
-
маркетинг;
-
наразылық-талап жұмысы;
-
ЗҚАИ-дағы кадр саясатын әзірлеу;
-
кадрлар резервін қалыптастыру және құру, сондай-ақ кадрлардың сандық және сапалық құрамы туралы деректер банкін жүргізу;
-
жұмыскерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығаруды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес ресімдеу;
-
жұмыскерлермен жеке еңбек шартын жасау;
-
жұмыскерлердің еңбек кітапшаларын жүргізу, толтыру, сақтау;
-
жұмыскерлердің демалыс кестесін әзірлеу және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының берілуін бақылау;
-
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бекітілген кестеге сәйкес ресімдеу;
-
жұмыскерлерден олар жасаған еңбек тәртібін бұзушылыққа байланысты жазбаша түсініктеме талап ету;
-
жұмыскерлерді ынталандыруға ұсыну үшін материалдарды дайындау;
-
жұмыскерлерді материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде материалдарды дайындау;
-
кадр мәселелері бойынша барлық есептілікті жүргізу;
-
РҚАО және аймақтық орган жұмыскерлеріне аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру, аттестаттау нәтижесін талдауға қатысу;
-
РҚАО құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық орталықтарындағы жұмыскерлердің еңбек тәртібі және Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылау;
-
кадр бөлімінің іс жүргізу жөніндегі құжаттарын жүргізу;
-
жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды әзірлеу және беру;
-
жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
-
кәсіпорын мен филиалдарды жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және орындалуын қамтамасыз етеді;
-
шығыс материалдарын, ЖЖМ және басқа да тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуды қамтамасыз етеді; оларды есепке алу, қабылдау және берумен айналысады;
-
кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен оның филиалдарының қажеттіліктері жөніндегі өтінімдері бойынша материалдық құндылықтар партиясын жинақтайды;
-
жұмыскерлерді кеңсе және шаруашылық құрал-жарақтарымен қамтамасыз етеді;
-
барлық материалдық құндылықтардың тиісті есебін жүргізеді;
-
жыл сайынғы түгендеу өткізуге қатысады;
-
тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және беру, оларды орналастыруды ұйымдастырады, жиылып қойылатын тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, олардың бүлінуі мен істен шығуының алдын алу мақсатында сақтау ережелерін қолданады;
-
өртке қарсы іс-шараларды қамтамасыз етеді, жылу мен электртұтынуды ұйымдастырады.
Жүктелген негізгі міндеттер мен қызметтерді орындау үшін бөлімнің
-
ЗҚАИ құзыретіне енетін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелер, аймақтық орталықтар қызметіне бақылауды жүзеге асыруға;
-
белгіленген тәртіппен ЗҚАИ құрылымдық бөлімшелері, аймақтық органдарынан бөлімге жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қажетті ақпарат пен материалды сұрауға және алуға;
-
ЗҚАИ құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық орталықтарының қызметкерлерін ЗҚАИ директорының қызметін қамтамасыз ету және жұмысын ұйымдастыру мәселелерін шешуге тарту;
-
өз құзыреті шегінде ЗҚАИ құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық орталықтарына орындауға міндетті нұсқаулар беруге;
-
белгіленген тәртіпте, мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынаста, оның ішінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органмен, ЗҚАИ атынан бөлімнің құзыретіне қатысы бар мәселелер бойынша өкілеттілікке;
-
бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша ЗҚАИ жұмыскерлеріне түсініктеме, нұсқаулар беруге;
-
ЗҚАИ-да кадрлық іс жүргізуді және кадр есебін дұрыс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатқан, сондай-ақ ЗҚАИ-да қызмет етіп жүрген барлық қызметкерлерден алғашқы құжаттарды уақтылы ұсынуды талап етуге;
-
ЗҚАИ-ның барлық қызметкерлерінен олардың өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында жіберген қателіктерін жоюды талап етуге;
-
кеңестерді ұйымдастыру және өткізуге, сондай-ақ ЗҚАИ-да өткізілетін кеңестерге қатысуға құқы бар.