Департамент басшысы – Гаухар Жұмағалиқызы Оташева
Департаменттің негізгі міндеттері:
-
«Заң» ДБ-ны мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады;
-
«Заң» ДБ-да орналастырылатын НҚА мониторингі және мағыналық өңдеу.
Департамент:
Құқықтық ақпарат жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ететін міндеттерді іске асыру мақсатында:
-
ДБ енгізу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі актілердің орталықтандырылған жинағын;
-
ДБ енгізілетін құжаттарды электрондық өңдеу;
-
ДБ қалыптастыруды;
-
ДБ-дағы НҚА мәтіндерін бақылаулы күйде ұстау;
-
деректер базасына енгізілген актілердің есебі;
-
ДБ анықтамалықтарын бақылаулы күйде ұстау;
-
деректер базасының мазмұны бойынша түсініктеме;
-
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Әділет министрлігі web-сайтының нормативтік базасын өзектендіру.
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін қызметтерді іске асыру мақсатында:
-
Мемтізілімге енгізуге жататын НҚА-ның орталықтандырылған жинағын;
-
Мемтізілімге енгізілетін құжаттарды электрондық өңдеу;
-
латенттік ақпаратқа НҚА талдауын және мониторингін;
-
қолданыстағы заңнамаға НҚА қайыра сілтеулерін қалыптастыру;
-
ДБ-дан терминдер сөздігін қалыптастыру, жүргізу және оларды өзекті күйде ұстау;
-
ДБ-ның «Тақырып бойынша іздеу» бөлімін қалыптастыру және жүргізуді;
Латенттік ақпаратқа НҚА талдауын және мониторингін жүргізуді қамтамасыз ететін қызметтерді іске асыру мақсатында:
-
мағыналық өңдеуге жататын және бланкеттік нормалардан тұратын НҚА-ны іріктеу және зерделеу;
-
өңделіп жатқан НҚА-да қайыра сілтеуді орындау міндетті болып табылатын НҚА-ны іріктеу және зерделеу;
-
НҚА-дағы қайыра сілтеуді қалыптастыру;
-
қайыра сілтеуді қалыптастыру бойынша жұмыс орындалған НҚА-ның есебі, мониторингі және актуалдандыру;
ДБ терминдерінің сөздігін қалыптастыру және жүргізу бойынша қызметтерді іске асыру мақсатында:
-
жаңа терминдерді айқындау мақсатымен НҚА-ны іріктеу және зерделеу;
-
ДБ-дағы терминдер сөздігін қалыптастыру және жүргізу;
-
оларды өзекті күйде ұстау;
-
ДБ-дағы терминдер сөздігіне қатысты мәселелер бойынша түсініктеме;
ДБ-ның «Тақырып бойынша іздеу» бөлімін жүргізу және мониторингі бойынша қызметті іске асыру мақсатында:
-
бөлімге енгізу үшін жаңа тақырыптарды айқындау мақсатымен НҚА-ны іріктеу және зерделеу;
-
ДБ-ның «Тақырып бойынша іздеу» бөлімін қалыптастыру және жүргізуді жүзеге асырады.